АСТАНА, 4 мамыр — Sputnik. Астана үйлері бірінің бесінші қабатының терезесінен екі жасар бала құлап кетіп, аман қалды, деп хабарлады бейсенбіде қалалық ІІД баспасөз қызметі.
"Бүгін сағат 16.00 шамасында полицияға бесінші қабаттың терезесінен екі жасар бала құлап кетті деген хабар түсті. Белгілі болғандай, москит торына сүйенген бала төменге түсіп кеткен", — деп хабарлады полицияда. ІІД қызметкерлерінің деректеріне сәйкес, бүлдіршін ауыр жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді.
Полиция ата-аналарға балалардың терезені өз бетімен аша алмаулары үшін кедергілер орнатуды, сондай-ақ терезенің жанынан бүкіл жиһазды алып тастауды ұсынады.
Соңғы тәуліктерде бұл терезеден құлаудың үшінші оқиғасы. Сәрсенбі күні кешке және бейсенбі күні таңертең екі қыз үй терезелерінен түсіп кетті. Олардың біреуі қаза тапты, екіншісі ауыр жарақаттармен ауруханада жатыр.