АСТАНА, 5 мамыр — Sputnik. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Астанада қол қойылған, Сирияда қауіпсіздік аймақтарын құру туралы меморандумды мақұлдайды, деп жазады РИА Новости.
"Бұл келісімнің сириялықтардың өмірін шын мәнісінде жеңілдетуі аса маңызды. Бас хатшы қарудың барлық түрлерін, оның ішінде авиацияны қолдануды тоқтату және гуманитарлық көмекті тез, қауіпсіз әрі еш кедергісіз жеткізу туралы міндеттіліктерді құптайды", — делінген БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжарриктің мәлімдемесінде.
Айта кетейік, бейсенбі 4 мамыр күні сирияаралық келіссөздердің қорытындысы бойынша, кепіл елдер — Ресей, Түркия және Иран — Сириядағы қауіпсіздік аймақтарын құру туралы меморандумға қол қойды. Соған сәйкес Сирия аумағындағы қауіпсіз аймақтарда 6 мамырдан бастап кез келген қарулы қақтығыс тоқтатылады.