Оқиға

Көкшетауда денсаулық сақтау басқармасы 15 жасар оқушы өліміне қатысты түсінік берді

© Sputnik / Дмитрий Дмитриев / Медиабанкке өтуМектеп спорт залы
Мектеп спорт залы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеткіншек мектепте, дене шынықтыру сабағында көз жұмды

АСТАНА, 4 мамыр — Sputnik. Дене шынықтыру сабағында есінен танып қалған 15 жасар жеткіншек жедел жәрдем каретасы келген кезде тіршілік белгілерін білдірмей жатқан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасай отырып. 

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Бибігүл Иманқұлованың сөзіне қарағанда, №2 орта мектептің дене шынықтыру сабағында көз жұмған 15 жасар оқушы ешқандай сырқатпен ауырмаған. Дене шынықтыруға қатысуға қарсы көрсетілімі де болмаған. Осы жылғы ақпанда оқушы профилактикалық тексеруден өткен екен. 

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Көкшетауда дене шынықтыру сабағы кезінде мектеп оқушысы көз жұмды

Оның үстіне мектепке жедел жәрдем шақыру туралы хабарлама 10.01 келіп түскен екен, бір минуттан кейін жедел жәрдем каретасы шығып, мектепке 10.09-да жеткен. 

"Олар келген кезде баланың қан қысымы да, тыныс алуы да, пульсі де болмаған. Ол клиникалық өлім болатын", — деді Иманқұлова. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында мектепке екінші "шұғыл жәрдемнің" келуін де түсіндірді. Екінші "жедел жәрдем" ол жерге жақын маңда болған соң келген екен. Бірақ бірінші автокөлік те қажетті медициналық құралдармен жабдықталған. Оқушының өлу себептері анықталып жатыр.

"Қазір гистологиялық сынамалар алынды. Нәтижелері екі аптадан соң белгілі болады", — деп қосты ол. 

Қайғылы оқиға сейсенбі, 2 мамыр күні болды. Спорт залда жаттығудан кейін 15 жасар оқушы өзін нашар сезініп, координациясын жоғалта бастап, шетке қарай құлайды. Оның жанына мұғалім келіп, медбикені шақырған. Оның мектепте атап өткендей, тиісті тәжірибесі мен квалификациясы бар. Ол есінен танып қалған балаға алғашқы көмек көрсеткен. 


Жаңалықтар
0