АСТАНА, 4 мамыр — Sputnik. Астанада кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорламақ болды деген күдікпен 48 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды елордалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
2011 жылы туған кәмелеттік жасқа толмаған қызға қатысты сексуалды сипаттағы зорлық әрекеттер жасауға талпыну дерегі бойынша ҚР ҚК 121-бабына сәйкес сот алды тергеу ісі басталды.
"48 жастағы күдікті бұдан бұрын сотталған, қазір Астана ІІД уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Ұсталған азамат Промышленный шағын ауданында тұратын қызды алдап, ешкім жоқ жерге алып барған. Бірақ сол маңда жұмыс істеп жүрген жұмысшылар ер адамды көріп, ұстап алыпты", — деп хабарлады Астана ішкі істер департаменті.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.
© Photo : Әлеуметтік желілерденҚызды зорламақ болған күдікті
Қызды зорламақ болған күдікті
© Photo : Әлеуметтік желілерден