АСТАНА, 16 ақп – Sputnik. Ақмола облыстық соты кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлаған күдіктіні қамауға алуға шешім қабылдады деп хабарлады облыстық сот Sputnik Қазақстан агенттігі тілшісіне.
"1977 жылы туылған Щучинск тұрғынына ҚР ҚК 121 бабы 4 бөлігінде қарастырлған қылмыс жасады деген күдік келтірілді. Сот күдіктіні екі айға қамауға алуға шешім шығарды", — деп хабарлады агенттікке сұхбат беруші.
Жергілікті тұрғын әйел күйеуіне 12 жасар қызын зорлады деген айып тағып, полицияға шағым түсірген болатын. Құқық қорғау органдары сот алды тергеу ісін бастап кетті.