АСТАНА, 15 ақп – Sputnik. Ақмола облысында ер адамға өз қызын зорлады деген күдік келтірілді деп хабарлады құқық қорғау органдарындағы дереккөз Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Жергілікті тұрғынның арызы Ақмола облысы аудандық ішкі істер бөліміне жақында түскен.
"Арыз берушінің айтуынша, 1977 жылы туылған күйеуі 12 жасар қызымен жыныстық қатынаста болған. Аталған дерек бойынша, ҚР ҚК 120 бабы 4 бөлігіне сәйкес сот алды тергеу ісі басталып, сараптама тағайындалды",- дейді дереккөз.
Облыстық прокуратураға кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлау туралы полицияға берілген арыз түскен, алайда олар түсініктеме беруден бас тартты.