Оқиға

Алты жасар Виканы зорлау ісі: айыптыны 25 жылға соттады

© Sputnik / Андрей СтенинТүрме
Түрме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алты жасар Виктория Мининаны зорлағаны үшін сотталушы тұлғаны айыптың төрт бабы бойынша кінәлі деп таныды

АСТАНА, 15 ақп – Sputnik. Маңғыстау облысы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты алты жасар Виктория Мининаны зорлап өлтіру туралы іске қатысты сотталушыны 25 жылға бас бостандығынан айырды деп хабарлайды "Ақтау-Лада" басылымы.

Сот залы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алты жасар Виканы зорлаған қылмыскер алқабилер сотын сұрайды

Іс 11 томнан тұрады. Айыпталушы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша сотқа берілді: 125 бап 2 бөлік 5 пункт " Адамды ұрлау", 121 бап 4 бөлік " Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері", 120 бап 4 бөлік " Зорлау", 99 бап "Кісі өлтіру", 296 бап 2 бөлік " Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу".

Сот шешімі айыптаудың төрт бабына негізделді. 121 бап 4 бөлік айыптау үкімінен алынып тасталды. Бұдан бұрын Маңғыстау облысы прокуратурасы мәлімдегендей, айыптаушылар сотталушыны ең ауыр жаза түрі – өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесуді көздеген.

Басылымның хабарлауынша, адвокат Намиг Велиев мәлімдегендей, айыпталушыны кәмелеттік жасқа толмаған қызбен бірге көрген куәгерлер жоқ. Сотталушы басынан бастап қылмыс жасағанын мойындамай отыр. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Жаңалықтар
0