АСТАНА, 27 жел — Sputnik. Ақтауда алты жасар қыз Виканы зорлағаны үшін айыпталған ер адам сотты алқабилердің қатысуымен өткізуді сұрайды деп хабарлайды "Акта-Лада".
Басылымның мәліметіне сүйенсек, бұл іс сотқа 26 желтоқсан күні берілген екен.
Қазіргі уақытта, Маңғыстау облысы прокуратурасының ақпараты бойынша, алқабилікке үміткерлерді іріктеу жүргізілуде.
11 томнан тұратын іс 2017 жылғы қаңтардың ортасында қаралатын болады. Ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің бес бабы бойынша айыпталады: 125-бап 2-бөлік 5-пункт "Адамды ұрлау"; 121-бап 4-бөлік "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері"; 120-бап 4-бөлік "Зорлау"; 296-бап 2-бөлік "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу". Ол кінәсін мойындаған жоқ.