Оқиға

Ауған дипломаты Астана әуежайында орынсыз қалжыңы үшін ұсталды

© Photo : Associated PressӘуежай
Әуежай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қызмет мерзімі аяқталып еліне оралмақшы болған Ауғанстанның бұрынғы елшісі Астана әуежайында ұсталған

АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. Ұшар алдында жүгімде бомба бар деп қалжыңдаған дипломат әуежайда ұсталды, деп хабарлады елордалық әуежайдың баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Самолет A320NEO Эйр Астана - Sputnik Қазақстан
Оқиға
"Эйр Астананың" Ақтауға ұшқан ұшағы Алматыға оралуда

Баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 1 мамыр күні болған. Ер адам кеденшілерге сөмкемде бомба бар деп жауап беріпті. Бұл сөзден кейін қызметкерлер тиісті шара қолдануға мәжбүр болды. Тексеру барысында дипломаттың сөмкесінде ешқандай бомбаның жоқ екендігі анықталды.

Бұл жайт рейстердің кестесіне еш әсерін тигізбеген. Төтенше жағдайды туғызған себепкер келесі рейспен отанына аттанып кетіпті.

Жаңалықтар
0