АСТАНА, 25 сәуір — Sputnik. Алматыдан Ақтауға ұшқан ұшақтың экипажы техникалық ақаулыққа байланысты кері оралу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды әуе компанияның баспасөз қызметі.
Алматы әуежайының сайтында көрсетілгендей, борт сейсенбі күні 10.15-те оңтүстік елордадан ұшқан. "Алматы-Ақтау рейсін жасаған Airbus А320neo ұшағы қозғалтқыштағы май деңгейін индикациялау жүйесіндегі ақаулық себебінен ұшқан әуе жайына оралады", — делінген хабарламада.
Экипаждың ұшқан әуежайына оралы туралы шешімі халықаралық қауіпсіздік процедураларына сәйкес. Қонған кезде ұшақ толық техникалық тексеруден өтеді, деп атап өтті әуе компаниясында.