АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. Сириялық оппозиция Астанада 3-4 мамыр аралығында өтетін кездесулерге қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді.
"Иә, келетіндіктерін растады. Оларды күтіп отырмыз", — деді Тілеуберді сейсенбі күні тілшілерге.
Оның айтуынша, оппозиция жақын арада келіп қалуы тиіс.
"Келіссөздерді қадағалайтындардың құрамы да бұрынғыдай: БҰҰ-нан жоғары лауазымды делегация келеді, Стефан де Мистура… ол да қатысатынын растады. Иордания мен АҚШ болады. Осы жолы АҚШ-тан Таяу Шығыс бойынша мемлекет хатшысының көмекшісі келеді деп отырмыз", — деп сөзін қорытындылады Тілеуберді.