АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Астанада 3-4 мамырдағы кездесу жоғары деңгейде өтеді.
"Бұл ақпаратты Сирияда соғысты тоқтатуға кепілгер елдер – Ресей, Иран, Түркия растап отыр. Кепілгер елдер жоғары деңгейде қатысатынын растады", — деді журналистерге Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Мұхтар Тілеуберді.
Бұл ретте байқаушы елдердің тізімі қалыптасқан жоқ. Сондай-ақ вице-министрдің хабарлауынша, келіссөздер қарсаңында сарапшылар кездесуі өтеді.