АСТАНА, 2 мамыр — Sputnik. Ақмола облысы Атбасар ауданында Жабай өзенінің арнасынан белгісіз жағдайларда суға кеткен ер адамның денесі іздестірілуде, деп хабарлады Атбасар ауданы төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
"1945 жылы туған жергілікті тұрғын 18 сәуір күні Жабай өзеніне құлап кеткен, содан бері жан-жақты іздестірілгенімен, әлі еш нәтиже берген жоқ. Қарт адамның қалай құлағаны белгісіз, деректер АІІБ-де қарастырылып жатыр", — деп мәлімет берді Атбасар төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімі.
Ер адам Жабай өзеніне құлаған жерде тік жар бар екені белгілі. Соған қарағанда, бұл оқыс оқиға болуы ықтимал.