Оқиға

Атырау облысында екі жасар бүлдіршін суға құлап, батып кетті

© Photo : КЧС МВД КазахстанаҚұтқарушылар
Құтқарушылар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жағаның маңындағы жер опырылып түсіп, бала суға құлап кетті

АСТАНА, 27 сәуір  — Sputnik. Кішкентай бүлдіршін бақса балалармен бірге Орал жағасының құлама жарында ойнап жүрген. Кенеттен жер опырылып, 2,5 жасар бала суға түсіп кетті. Ол тұншығып, батып кетті, деп хабарлайды өңірлік "Мой город" басылымы. 

құтқарушылар - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақтөбеде бала өзенге ағып кетті

"Оқиға орнына біздің аудандық бөлімшенің үш қызметкері барды. Сағат 10.25-те баланың денесі судан шығарылды", — деп хабарлады басылымға "ЗРАОСО" ММ жетекшісі Бақтияр Қадырханов. 

Оқиғаның куәгері болған жергілікті тұрғын құтқарушыларды шақырған.  

"Ер адам балалардың жан дауысын естіп, бүлдіршінді қатты ағыс өзеннің ортасына алып бара жатқанын көреді. Біздің бекет ол жерден шамамен 500 метрде орналасқан. Құтқарушылар мотор қайығымен барып, баланы алып шығып, құтқармақ болады, өкінішке қарай, кешігіп қалды", — деді Қадырханов. 


Жаңалықтар
0