АСТАНА, 14 сәуір — Sputnik. Құтқарушылар Ақтөбеде өзеннің маңында жоғалып кеткен он жасар баланы іздеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бала бейсенбі күні Новый ауылында еріген қар суы жатқан жыраның жанында достарымен ойнап жүрген. Құтқарушыларға балалардың айтып беруінше, бала суға түсіп кетіп жылай бастаған. Балалар қорқып кетіп көмекке жүгірген.
Екінші болжам бойынша, бала мұзға құлап, мұз бөлініп кеткен. Құтқарушылардың сөзіне қарағанда, қардың жылдам еруінен су жырадан Жіңішке өзеніне түсе бастаған. Болжам бойынша баланы ағыс өзенге алып кетке. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Екі шақырымдай өзен арнасы тексерілді.