АСТАНА, 29 сәуір — Sputnik. Алматының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті "Қазгидромет" синоптиктерінің болжамдарына сәйкес дабылды ескерту жариялады.
"30 сәуір күні қатты жауын-шашын салдарынан Алматы және Жамбыл облысындағы өзендер арнасынан асып, тасуы мүмкін", — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Тасыған судан бөлек, нөсерлеп жауған жаңбыр салдарынан Алматыны су басты. 28 сәуірдегі мәліметке сүйенсек, 150-ден астам аулаларды су алып кеткен. Ұлттық Ұлан, шекара қызметі және құтқарушылардан құрылған 500-ден астам адам су басу салдарымен күресуге жұмылдырылды.