Өңірлер

Алматыда су басу салдарын жоюға 540 адам жұмылдырылды

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуЖаңбыр
Жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала тұрғындарына көмекке Ұлттық ұлан мен шекарашылар келді

АСТАНА, 29 сәуір — Sputnik. Алматыда қатты құйып жауған жаңбырдан кейін су басу салдарын жоюға 540 адам қатысты, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.

нөсер жауын - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы мен қала маңында 150-ден астам үй-жайды су басты

"Наурызбай ауданы Қалқаман шағын ауданындағы аулалар мен көшелерді тазарту үшін өзара әрекет ету жоспарына байланысты ҚР ІІМ Ұлттық Ұланының азаматтық қорғаныс полкінен 110 сарбаз және ҚР ҰҚК шекара қызметінің 2027 әскери бөлімшесі жеке құрамынан 56 сарбаз жұмылдырылды", — деп көрсетілген хабарламада.

Алматы қаласы төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің қызметкерлері, құтқару қызметі және қала аудандарының әкімдіктері көшелер мен жолдарды, үйлер мен жертөлелерді, аулаларды тазарту және барлық аудандарда қайта су басу қаупін жою жұмыстарын жалғастыруда.

27-29 сәуір аралығында 23 жеке үйді, 48 аула мен он көшені су басқан. Су басу салдарын жоюға 540 адам мен 68 техника қатысқан.

Жаңалықтар
0