Оқиға

Алматы мен қала маңында 150-ден астам үй-жайды су басты

© Sputnik / Анатолий Устиненконөсер жауын
нөсер жауын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құтқарушылардың жұмысын түннен бері тоқтамай жатқан нөсер жауын қиындатып жатыр

АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Алматы облысының Қарасай ауданында Қырғауылды өзеннің тасуынан зардап шеккен үйлер саны нақтыланып жатыр, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінде. 

Соңғы деректерге сәйкес, 151 саяжай үйі мен телімін су басты: "Ақсай-19" ПКСТ – 83 саяжай үйі мен телімі, "Торпеда" — 21, "Труд" — 15, "Полет" – 12. Бұдан бөлек Қырғауылды аулында 20 ауланы су басты. Балабақша аумағын да су шайды. Су басып жатқан учаскесінің нақты санын анықтау бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. 

Су тасқыны аумағына Алматыдан республикалық оперативті құтқару жасағының күштері – 18 құтқарушы мен  екі бірлік техника. Апаттық-құтқару жұмыстарына Алматы облысы ТЖ департаменті, Қарасай аудандық АІІБ, "Қазселденқорғау", және жергілікті атқару органдарының 143 қызметкері тартылды. 


Жаңалықтар
0