АСТАНА, 29 сәуір — Sputnik. Қазақстан Республикасы Парламенті сенатының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттарды ұсыну басталып кетті, ол 28 мамыр күні аяқталады, ҚР Орталық сайлау комитетінің төрағасы мен хатшысы тиісті қаулыға қол қойды.
Парламенттік сайлау 28 маусымға бекітілген. Күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну 28 мамырға дейін, кандидаттарды тіркеу 7 маусымға дейін жүреді, ал сайлау алдындағы үгіт 8 маусымда басталып, 26 маусым күнгі 24.00 сағатқа дейін жүргізіледі.
Дауыс беруді, дауыстарды санауды және нәтижелерін жариялауды облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары бір күн ішінде – 28 маусымда жүргізеді.
Парламент Сенатының депутаттығына кандидатқа сайлау алдындағы үгітті жүргізуге, сондай-ақ көліктік шығындарға республикалық бюджеттен қаражат бөлінеді.