АСТАНА, 28 сәуір — Sputnik. Шымкент тұрғындары саябаққа кірер жердегі жазбаны ауыстырған Абай саябағы әкімшілігінің бастамасын қызу талқылап жатыр.
Демалыс орнына кірер жердегі "Абай саябағы" деп жазылған дарбазаға "Abay parki" деген маңдайша жазу ілініпті. Кейбір тұрғындар саябақ әкімшілігінің бұл бастамасын қолдап жатса, енді біреулері түсінбестік танытуда. Мәселен, "саябақ" емес, "park" деп жазылғаны көпшілікті таңғалдырды. Ал кейбір шымкенттіктер бұл Елбасының сапарының алдында жасалған дайындық деген болжам жасаған.
Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың аяғына дейін латынша қазақ әліпбиінің жобасын әзірлеуді ұсынып, үкіметке қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің нақты кестесін жасауды тапсырды. Ал 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. Осылайша алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізіледі.
!-- —>
!-- —>