АСТАНА, 27 сәуір — Sputnik. Ақтөбедегі су тасқыннан үйі қираған Махаббат Ешімованың отбасына жаңа үй сыйлайды, деп жазады өңірлік "Диапазон" басылымы. Төртінші сынып оқушысының эмоциялық үндеуі көптеген интернет пайдаланушыларды бей жай қалдыра алмады.
Қызға көмек қолын созу туралы шешімді Ақтөбе қаласының тұрғындары ғана емес, басқа қала тұрғындары да қабылдаған.
Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Түсіпбаева басылымға 1 мамыр күні ұшып келіп, тасқыннан зардап шеккендердің құрметіне орай тегін концерт беретінін хабарлаған.
Танымал алматылық кәсіпкер Қайрат Құдайберген Махаббаттың отбасына жаңа үй салып немесе сатып алып беремін деп отыр екен.
"Зардап шеккен қыз Махаббатқа үй салып беруді жоспарлаған болатынбыз, бірақ содан кейін оларды ұзақ күттірмей жақсы екі қабатты үй сатып алуды шештік. Біз ауданы 109 шаршы метрді құрайын үлкен әдемі үйді қарадық. Оның сатып алып, Махаббатың отбасына сайламақ болдық. Жиһаз алып кетіп, кір жуғыш машина, телевизор басқада техника сатып алдық. Бірақ Ақтөбе әкімдігі жер телімінің пайдалану мақсатын өзгертуден бас тартып, үй өзенге жақын орналасқан деп сылтауратып отыр. Дегенмен үй биікте және өзеннен алыста орналасқан. Енді басқа үй іздеп жатырмыз. Біз істің соңына жеткізіп, балаға жайлы үй сыйламақпыз",- деп бөлісті жоспарларымен кәсіпкер.
Қалалық билік әзірге жағдайға ешқандай түсінік берген жоқ. Қазіргі уақытта Махаббаттың отбасы тасқаннан зардап шеккен өзгелер сияқты пәтер жалдап тұрып жатыр.