Оқиға

Алматы облысында багажникке байлаулы салынған адам құтқарылды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуполиция көлігі
полиция көлігі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көлік жүргізушісінің құжаттарын тексеру кезінде полицейлер күдікті дыбыс естиді

АСТАНА, 27 сәуір  — Sputnik. Жол патруль полиция инспекторлары тоқтатылған автокөлікті тексеру кезінде көмек сұраған дауыс естіді, деп хабарлайды patrul.kz. порталы. 

26 сәуір күні кешке Алматы-Бішкек тас жолының 29 шақырымында Маңғыстау облысының мемлекеттік нөмірі тағылған Lada автокөлігін жол патруль полициясының қызметкерлері тоқтатады. 

құлдық - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада тараздық жігіт қалыңдығын секс-құлдыққа сатып жіберген

Инспекторлардың назары құжаттарды тексеру кезінде абыржып тұрған жолаушыға түсті. Полицейлер көлік пен жолаушыларды мұқият тексеруді ұйғарады. Багажниктен түсініксіз дауыс шыққан соң инспекторлар жүргізушілер есігін ашуды сұраған. Бас тартуды естіген тәртіп сақшылары арнайы құралдар қолданып өздері ашып алатынымен қорқытады. Сол кезде көліктен көмек сұраған дауыс пен дүмп тарсыл естіледі. 

Багажник ашылған кезде ішінде аяқ қолы байлаулы адам жатады. Lada көлігінің барлық жолаушылары ұсталып, оқиға орнына жедел тергеу тобы шақырылған.

Багажниктерінде байлаулы адамның неге жатқанын түсіндіре алмаған ұсталған екі адамның сөзіне қарағанда, орал Шымкентке қарай бағыт алған екен. Ұстау орнында ер адамды қандай мақсатта ұрлап әкеткенін сол бойы түсіндіре алмады. Автокөлік салонында болған үшінші ер адам багажникте жатқан ер адам туралы ештеңе білмейтінін айтты. 

Тұтқынның айтуынша, ұрлаушыларды ол бірлескен істер бойынша біледі. Таныстары оның мойнына ақшалай қарыз ілмек болған көрінеді. Ер адамды май құю бекетінен ұрлап кетіп, салонға күштеп кіргізіп алады да тауға барып соққыға жығады. Сосын багажникке салып Шымкентке әкетпек болған. Жол инспекторлары ұстаған ер адамдарды Алматы облысы Қарасай АІІБ жедел қызметкерлеріне берген. Сотқа дейінгі тергеу басталды. 


Жаңалықтар
0