Қоғам

Журналистер арасында тұңғыш ұлттық "Үркер" сыйлығы жарияланды

© Photo : предоставлено информационной площадкой G-GlobalКазахстанские журналисты шлют срочные новости своим информационным агентствам
Казахстанские журналисты шлют срочные новости своим информационным агентствам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биылғы жылы отандық телевизияның үздіктері "Тұмар" сыйлығымен марапатталған болатын

АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Баспа, радио және интернет журналистика саласына арналған тұңғыш ұлттық "Үркер" сыйлығы жарияланды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев фейсбіктегі парақшасында хабарлады. 

"Биылғы жылы отандық телевизияның үздіктері "Тұмар" сыйлығымен марапатталғаны белгілі. Осы орайда біз басқа БАҚ өкілдерінің еңбегін де ескергенді жөн көрдік. Сонымен, баспа, радио- және интернет журналистика саласына арналған тұңғыш ұлттық "Үркер" сыйлығын жариялаймыз. Басты мақсат – талантты журналистер мен сапалы медиа-жобаларға қолдау көрсету", — деп хабарлады Абаев. 

Даурен Абаев - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Абаев Димаштың концертінде журналистің соққыға жығылуына қатысты пікір білдірді

Байқаудың қазылар алқасы осы саланың майталмандары, қоғам қайраткерлері және сарапшылардан құралады. Қазылардың толық тізімі алдын ала жарияланады.

Сыйлық 15 аталым бойынша берілмек. Журналистиканың дәстүрлі салаларымен қатар, "үздік фотосурет", "Қазақстан туралы ең үздік танымдық материал" және "Қазнеттегі медиа серпіліс" сияқты бағыттар қамтылады.

Байқауға өтініш 7 мамырдан бастап el.kz сайтында қабылданады, сыйлыққа қатысты егжей-тегжейлі ақпарат та сонда болмақ.

Салтанатты марапаттау журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында ұйымдастырылады.

Жаңалықтар
0