Қоғам

Қазақстанда Фемида қызметшілерінің жалақылары қандай

© Photo : РixabayБогиня правосудия - Фемида
Богиня правосудия - Фемида - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық судьялар қанша жалақы алатындарын айтып, өз табыстарын өзге елдердегі әріптестерімен салыстырды

АСТАНА, 26 сәуір — Sputnik. Алматы қалалық сотының судьясы Ақжан Ештай өзінің және қарамағындағы қызметкерлері жалақысының көлемін жариялады.

Ақжанн Ештай бүгін Қазақ ұлттық университетінде сот отырыстарының оқу залын ашты. Лекциясы және студенттердің өзіне қойған сұрақтары аясында қанша жалақы алатыны туралы жауап берді.  

Владимир Божко - Sputnik Қазақстан
Саясат
Божко депутаттардың жалақысын көтеруге қатысты ойын білдірді

"Бір кездері барлық жерде судьялардың жалақысының жоғары екендігі жазылды, жақында мен осы сұрақты Жоғарғы сот кеңесінің төрағасына, Жоғарғы соттың судьясына қойып, жиналыста мен былай дедім: депутаттардың жалақысын көтерді дейді, бізге де ондай жаңалық жоқ па?" Ол күлді. Сондықтан, бізге соңғы рет жалпы барлық мемқызметкерлерге секілді алты жыл бұрын жалақымызды өсірген. Мен, қалалық соттың төрағасы ретінде, судья ретінде, сот жүйесінде 30 жыл жұмыс істеген кісі ретінде, қолыма 373 мың теңге аламын. Мұның барлығы еңбек өтіліне байланысты. Аудандық судьялар қанша алады? 220 мың теңге алады", — деді Ақжан Ештай. 

Оның пікірінше, бұл көп те емес, аз да емес. Егер дамыған елдермен салыстыратын болса біздің елде тым аз. Ал көршілес елдермен салыстырғанда қазақстандық судьялар жақсы алады деп, салыстырмалы  цифрларды келтірді. 

Дәурен Абаев депутаттардың сынына жауап берді - Sputnik Қазақстан
Видео
Дәурен Абаев депутаттардың сынына жауап берді

"Мен облыстық сот алқасының төрағасы ретінде шамамен 500 АҚШ долларын алатынмын, ал Тәжікстандағы қалалық соттың судьясы 50 АҚШ долларын алатын. Мәселен, мен таяуда Франция мен Швейцарияда болдым. Францияда орташа жалақы шамамен 2,5 мың еуро, ал Швейцарияда – 5 мың еуро", — деп атап өтті Ештай. 

Оның айтуынша, тәлімгер судья жалақысының 70 пайызын, қалалық сотта хатшы 80 мың теңге, аудандық сотта — 70 мың теңге алады екен. 


Жаңалықтар
0