Видео

Дәурен Абаев депутаттардың сынына жауап берді

Жазылу
Үкіметтегі баспасөз мәслихатында ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Қазақстан коммунисттік халық партиясының "Синий кит" ойыны мен Қазақстанның ақпараттық-коммуникациялық кеңістігінде отбасылық құндылықтар емес, бейәдеп суреттердің толып кетуіне қатысты сынына жауап берді

Министрдің пікірінше, Қазақстанда отбасылық құндылықтарға көп мән беріледі, радио мен теледидарда, ғаламторда осы тақырыптағы бағдарламалар мен телехикаялар өте көп, ал жағымсыз немесе бейәдеп контенттің кездесуі адамның өзіне байланысты.

"Азамат қандайда бір бейәдеп контентті іздейтін болса… Ғаламтордың қалай жұмыс істейтінін білесіздер ғой: сіз іздеген мәліметтердің бағыт-бағдарына қарап, сол тақырыптағы ресурстарды ұсынады, себебі сізге ұнайтын ақпарат сол болып саналады", — деп атап өтті Абаев.

"Синий кит" ойынына келер болсақ, министр бұл ойын туралы айта берудің қажеті жоқ екендігін БАҚ өкілдерінің есіне қайта салды. Оның пікірінше, ата-ана өз баласының не істеп жүргенін қадағалауы тиіс. 

Жаңалықтар
0