Қоғам

Ибрагимова: тұрғын үй құрылыс жинақ банкі басшылығы енді арзан пәтер ала алмайды

CC0 / / Ключи
Ключи - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2013 жылы мемлекеттік бағдарлама арқылы арзан бағаға үй алған банк басшылығы жұмыстан кеткен еді

АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik, Айымгүл Әбіл. "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова ендігі уақытта банк топ-менеджерлерінің басы дауға қалмауын өзі қатаң бақыламақ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ақпан айында өткен қоғамдық кеңес отырысында мен және менің жаңа орынбасарым өзімізге міндеттеме алдық. Отбасымыздың ешбір мүшесі, оның ішінде ата-анамыз, мен бұған ағаларымды да қостым — мемлекеттік бағдарламаларға қатыспайды.  Бұл процесті бақылап отырмыз", — деді Ибрагимова бүгін мәжілісте өткен отырыста депутат Артур Платоновтың сұрағына жауап бере отырып. 

Портфель - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі айналасында тағы шу шықты

Оның айтуынша, бұл шектеу барлық басқарма мүшелері, облыстағы филилдардың басшылары, сонымен қатар ішкі аудит пен комплаенс-бақылаушы қызметтерінің жетекшілеріне  де қатысты. 

"Бүкіл дерлік топ-менеджментке шектеу қойылады. Қызметке тағайындалған әрбір адам алғашқы екі аптада тиісті құжатқа қояды. Бұл банктің іскерлік кодексінде бекітілген", — деді ол. 

Бұдан бөлек, басқарма төрайымы дау-дамай тудырған оқиғалардың туындауына ықпал еткен факторларды атап өтуді жөн көрді. 

"Бұндайға жағдайға сол уақытта банк туралы халықтың аз білуі ықпал етті. Банкте қаржы жинақтаған адамдардың көпшілігі банк қызметкерлері болды. Олардың көпшілігі бағдармаға қатысқан кезде топ-менеджерлер болған жоқ. Өз тарапымнан ендігі уақытта бірде-бір басқарма мүшесі, банк басшысының осындай оқиғаға тап болмауын бақылайтын боламын", — деп сендірді Ибрагимова. 

Айта кетсек, тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне қатысты 2013 жылы болған дау шыққан еді. Өте тиімді шарттармен Алматыда өздеріне және туғандарына қымбат пәтерлер алған банк басшылығының әрекетінен мемлекеттік органдар заңсыз еш нәрсе таппаған болатын. Тек осы іске Мемлекет басшысы араласқаннан кейін ғана барып сең орнынан қозғалды. Президенттің тапсырмасымен банк басшылығы жұмыстан қуылып, ал пәтерлер мемлекетке қайтарылды. 

Биыл банк айналасында тағы шу шықты. Басқарма төрағасының орынбасары Айжан Медеуова мен оның туған-туысқандарының мемлекеттік бағдарлама арқылы үш бірдей пәтер сатып алғаны анықталды. Жанжалдан кейін Медеуова отставкаға кетті.  



Жаңалықтар
0