Мәдениет

Отандық режиссердің фильмі DetectiveFest фестивалінде арнайы сыйлыққа ие болды

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтукинооператор
кинооператор - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Деректі фильм Қазақстанның халық жазушысы – Морис Давыдович Симашконың өмірі мен шығармашылығына арналған.

АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы түсірген "Миры Мориса Симашко" деректі фильмі үстіміздегі жылдың 17 мен 21 сәуір аралығында Мәскеуде өткен 19-шы DetectiveFest Халықаралық шытырман оқиғалы фильмдер фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды. Фильмнің режиссері – ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, "Құрмет" орденінің кавалері Александр Головинский, деп хабарлайды киностудияның баспасөз қызметі. 

Құнанбай фильмі - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
"Құнанбай" және "Жаңғақ ағашы" фильмдері Бейжің кинофестивалінде көрсетіледі

Фильм "Төртінші Рим" атты Симашконың автобиографиялық эссесі желісі бойынша түсірілген. Морис Симашко Қазақстан Президенті бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығының лауреаты, 1986 жылы І.Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясын орыс тіліне аударғаны үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанған. Сондай-ақ, Нобель сыйлығына әдебиет бойынша Халықаралық ПЕН клубының үміткері. Симашко 20 кітаптың авторы, оның туындылары әлемнің 40 түрлі тіліне рекордтық таралыммен тараған, ол жазған сценарийлер бойынша он шақты фильм түсірілген. Орталық Азиядағы жаңа тарихи роман мектебінің негізін салушылардың бірі.

Осыған дейін аталмыш фильм Мәскеуде өткен "Вместе" XVII Халықаралық телекинофорумда Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген "Миры Мориса Симашко" (режиссері А.Головинский) атты толықметражды деректі фильмі "Литературная газета" басылымының атынан "Орталық Азиядағы жаңа тарихи роман мектебінің негізін салушылардың бірі және майдангер өмірінің беймәлім парақтарын ашқаны және шеберлігі үшін" арнайы жүлдемен марапатталған. 

Районы фильмінің актерлері - Sputnik Қазақстан
Сатаевтың жаңа фильмі: жастар туралы "Рэкетир"

Detectivefest Халықаралық шытырман оқиғалы фильмдер фестивалінің(ескі атауы "Закон и Общество") тарихы 1998 жылдан басталады. Фестивальдің басты мақсаттарының бірі терроризммен күресуге және заңға бағынуды ұстануға шақыратын телебағдарламалар мен фильмдер түсіретіндерге қолдау білдіру.

Биылғы фестиваль "Терроризм мен қылмыстық іс-әрекетке қарсы күрес – әлем қауымдастығының міндеті" деген ұранмен өтті. Фестивальге әлемнің 20 елінен 80 фильм қатысқан. Қатысқан мемлекеттер арасында: АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария, Германия, Франция, Болгария, Иран, Үндістан, Ресей, Қазақстан және басқалар бар.

DetectiveFEST фестивалінің ұйыдастырушылары "Детектив" продюсерлік орталығы және Ресей кинематографистер одағы мен IPA Халықаралық полицейлер ассоциациясы Ресейдегі бөлімшесінің Мәскеу аумағы. 

Көреремендер Алматыда Анаға апарар жол фильмінің актерлерін күтуде - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
"Анаға апарар жол": қызыл жолақпен премьераға

Александр Федорович Головинский – режиссер-документалист, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР кинематографистер және ҚР журналистер одақтарының мүшесі, 1946 жылы Алматыда дүниеге келген. ҚазҰУ-дың журналистика факультетінде оқыған. Әскерден соң "Союзторгрекламда" режиссер болып істеген, 1974 жылдан бастап – Қазақстан мемлекеттік телевидениесінде, ал 1990 жылдан бастап "ИКС-Б" студиясының директоры, көркемдік жетекшісі және режиссері болып қызмет атқарды. А.Головинский 40-тан астам деректі фильмдердің және 100-ге жуық жарнамалардың авторы. Оның фильмдері көптеген кинофестивальдерде жүлделі орындардан көрінді, атап айтсақ: "Алтын жұлдыз", "Золотой витязь", Ресейдегі "Правопорядок и общество" және "Лазурная звезда" фестивальдері. 2011 жылы ҚР Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен "Құрмет" орденімен марапатталған.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ – Көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеңде тұрған өнімдермен (оның ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияның өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада

Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеңінде отандық көркем фильмдердің 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияның көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтың есімі берілді.

Жаңалықтар
0