Алматыда ең көп күтілген қазақстандық фильмдердің бірінің тұсау кесері өтті. Кеш қонақтары спорт және мәдениет вице-министрі Ғалым Ахмедияров, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева, ҚР сенаторы Бырғаным Айтымова, сонымен қатар танымал актерлер болды.
"Мен түсірген фильмдердің ең ерекшесі – "Анаға апарар жол". Біріншіден, өйткені бұл картинаны біз аналарымызға арнаймыз. Екіншіден, сценарий идеясы кезінде бұл оқиғаны айтып берген ата-анамның әңгімесінен кейін туындады. Екі жыл бұрын бізің командамызға, оқиғамызға және маған сенім білдірген бас продюсеріміз Әлия Нұрсұлтанқызына ерекше алғыс білдіргім келеді", — деді режиссер Ақан Сатаев.
Көрсетілімнен кейінгі 20 минут ішінде овациялар тоқтамады: көрермендер тұрып-тұрып қошемет білдіріп, бас продюсер, режиссер, актерлер мен түсірілім тобына ықыластарын білдірді.