Оқиға

Алматыда жүргізуші екі мас жаяу жүргіншіні қағып кетті

© SputnikАлматыда жүргізуші екі мас жаяу жүргіншіні қағып кетті
Алматыда жүргізуші екі мас жаяу жүргіншіні қағып кетті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мас күйінде ер адамдар жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп бара жатқан

АСТАНА, 24 сәуір — Sputnik. Алматыда жол апатынан екі ер адам зардап шекті. Рысқұлов көшесінің бойында Саин көшесіне жетпей жаяу жүргіншілерді көлік қағып кетті. 

Алматыда джип ер адам әйел кісіні қағып өлтірді - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда джип екі кісіні қағып өлтірді

Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, Ford Mondeo көлігінің жүргізушісі жолдың шеткі сол жағынан шығыс бағытында жүріп бара жатып, Саин көшесіне жетпей рұқсат етілмеген жерде екі жаяу жүргінші жүгіріп өтпек болған.

Жүргізуші соқтығысудан қашып екі жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Ер адамдардың бірін ауыр хәлде аяқ қолы сынып, ауруханаға жеткізді. Екі ер адам да алкогольдік ішімдік ішіп алған.

Жаңалықтар
0