Өңірлер

Синоптиктер болжаған жаңбырлы күндер де келіп жетті

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуЖаңбыр
Жаңбыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, тұман түседі, жел соғады, батыс пен солтүстік-шығыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз

АСТАНА, 21 сәуір — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды "Қазгидромет" баспасөз қызметі.

Сайлыбаева Лаура. - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ауа райы болжамы: апта соңында жаңбыр басталады

Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде, күндіз өңірдің басым бөлігінде жел соғады — 15-20, ұйытқуы — 23 м/с.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, күндіз Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні — 15-20 м/с, Жамбыл облысында ұйытқуы — 23 м/с.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман,  жел — 15-20 м/с.

Қарағанды облысында түнде кей жерлерде тұман, күндіз желдің екпіні — 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

Жаңалықтар
0