"Дегенмен, 21-22 сәуірде Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжыған циклон мен атмосфералық фронттар және Оңтүстік Каспий циклонының фронттары әсерінен жауын-шашын болып, жел қатты ұйытқиды, еліміздің басым бөлігінде кей жерлерде жылдамдығы 15-25 м/с болады. Қазақстанның бүкіл аумағы бойынша ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 3-6 градусқа жоғары болмақ", — деді"Қазгидромет" инженер-синоптигі Лаура Сайлыбаева.
Астанада 20 сәуір күні көшпелі бұлтты ауа райы сақталып, жауын-шашын болмайды. 21-22 сәуірде ауа райы көшпелі бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +2+6°С, күндіз +16+18°С.
Алматыда 20 сәуірде жауын-шашын болмайды. 21-22 сәуірде ауа райы көшпелі бұлтты, күндіз оқтын-оқтын жауын жауады, ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +20+22°С.