Өңірлер

Қарағанды облысында төрт ауылдың тұрғындары су тасқынынан соң үйлеріне оралды

© Photo : Комитет по ЧС МВД РКСу тасқыны
Су тасқыны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағанды облысында су тасқыны салдарынан үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған екі жүздей адам ауылдарына қайта оралды

АСТАНА, 20 сәуір — Sputnik. Су тасқыны салдарынан қауіпсіз жерге көшірілген Қарағанды облысы төрт ауылының тұрғындары үйлеріне қайта оралды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Елбасы су тасқынына байланысты министрге бірқатар тапсырма берді - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы су тасқынына байланысты министрге бірқатар тапсырма берді

Оның берген мәліметінше, 20 сәуір күні облыстың барлық өзендерінде су деңгейінің төмендеуі, қоймалардан судың жіберілуінің азаюы байқалады. Сағат 10 кезіндегі аухал бойынша Шерубай-Нұра, Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларында судың жіберілуі төмендеген.

"Өткен тәулік ішінде су деңгейінің төмендеуіне байланысты Чкалово, Сарытөбе, Андрейниковка, Огороды ауылдарының қауіпсіз жерге көшірілген 192 тұрғыны өз үйлеріне қайта оралды", — деп мәлімдеді Иманқұлов.

Суға кеткен аумақтардан барлығы 5,9 мың текше метр су сорғымен тартып шығарылған.

Жаңалықтар
0