Қоғам

Елбасы су тасқынына байланысты министрге бірқатар тапсырма берді

© Официальный сайт Президента КазахстанаЕлбасы су тасқынына байланысты министрге бірқатар тапсырма берді
Елбасы су тасқынына байланысты министрге бірқатар тапсырма берді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады

АСТАНА, 19 сәуір — Sputnik. Елбасы су тасқынынан зардап шеккен барлық өңірлердің жағдайы мен тіршілігін қалпына келтіру үшін кешенді іс-қимылдарды жүзеге асыруды тапсырды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Ремонт дамбы на станции Разъезд 42 в Акмолинской области - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Божко елдегі су тасқыны туралы: бәріне табиғат кінәлі

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Ішкі істер министрі қылмыстық ахуал және жергілікті полиция қызметін одан әрі реформалау аясында қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады, сондай-ақ түзету мекемелерінің жағдайы мен Ұлттық ұланның жұмысы туралы мәлімдеді.

Бұдан бөлек, Қасымов су тасқынына байланысты ахуал және Астана мен республика облыстарында төтенше жағдайдың алдын алу бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы хабардар етті.

Нұрсұлтан Назарбаев елдегі қылмыспен күресті күшейту және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.

Сондай-ақ, Елбасы су тасқынынан зардап шеккен барлық өңірлердің жағдайы мен тіршілігін қалпына келтіру үшін кешенді іс-қимылдарды жүзеге асыруды тапсырды.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңалықтар
0