АСТАНА, 19 сәуір — Sputnik. Оңтүстік Қазақстан облысы полициясы Қызыл кітапқа енген гүлдерді жұлып, сатқаны үшін жергілікті тұрғынды жауапқа тартпақ, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.
Сирек кездесетін қызғалдақтарды сатушыны тәртіп сақшылары 15 сәуір күні Қазғұрт ауданындағы Алматы-Термез тас жолында байқап қалады. 38 жастағы жергілікті тұрғыннның қолынан заттай айғақ ретінде Қызыл кітапқа енген 16 қызғалдақ алыныпты.
Енді табиғатты қорғау заңнамасын бұзған азаматқа жаза ретінде 3 мың АЕК көлемінде айыппұл төлеткізуі, түзету жұмыстарына салуы немесе үш жылға дейін бас бостандығын шектеп, тіпті бас бостандығынан айыруы мүмкін.