Әлем

Мереке қарсаңында гүл ұрлаған ер адам бес жылға сотталуы мүмкін

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуРаушан
Раушан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Саратов тұрғыны 8 наурыз қарсаңында гүл сататын дүкенді тонаған

АСТАНА, 7 наурыз — Sputnik. Бұдан бұрын сотталған Саратов тұрғыны 8 наурыз қарсаңында гүл сататын дүкенді тонап кеткен деп хабарлайды РИА Новости аймақтық полицияға сілтеме жасап.

Қарағанды жылыжайында өсірілген қызғалдақтар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қарағандылық жылыжай 8 Наурызға мыңдаған қызғалдақ өсірді

Полицейлердің айтуынша, белгісіз біреу гүл сататын дүкеннен 25 ақ және 25 ал қызыл раушан гүл ұрлап кеткен, гүлдердің жалпы сомасы 3 мың рубль тұрады екен. Ұрлықшының ізіне қызметтік ит түсіп, көп ұзамай ұсталады. Ол ұрлық жасағанын мойындағанымен, гүлдерді екі бейтаныс әйелге сыйлап үлгеріпті. 

"Ойда-жоқта сыйлық алған қыз-келіншектер бұған риза болған шығар, бірақ Қылмыстық кодексте мұндай әрекеттер басқаша бағаланады", — делінген хабарламада.

Саратов тұрғыны бес жылға дейін сотталуы мүмкін.

Жаңалықтар
0