АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. Үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуге ауа райы кедергі келтіріп отырғанына шағымданды деп Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бізде тұру мен тамақтану көрсеткіштері бойынша көрсеткіштер орындалған жоқ. Туризм саласы бойынша жаз бен күз қолайлы кез, жыл соңына дейін тиісті көрсеткіштерге қол жеткіземіз. Екіншіден, театр, музей, кітапхана, ботаникалық бақтарға бару бойынша көрсеткіш төмен. Біз индикаторлар мен әдістемелерге қарсы емеспіз, бірақ қаңтар-наурыз айларында аттракциондарға бару өте қиын — күн суық", — деп шағымданды Мұхамедиұлы. Министрдің жауабына әріптестері бір күліп алды.
"Жазда — ыстық, қыста — суық. Енді қайттік?", — деп күліп жауап берді Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев.
"Қыста зоологиялық, ботаникалық бақтарға баруға тырысамыз, бірақ, өте қиын", — деді Мұхамедиұлы.
"Күлеміз-ау, бірақ жұмыс істеу керек", — деді Сағынтаев.