АСТАНА, 18 сәуір — Sputnik. Қазақстандық полицейлер Ресей Федерациясы аумағында 19 жыл бұрын кісі өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады деп хабарлады Павдлодар облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Қазақстандық аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 19 жыл бойы тергеуден қашып жүрген. Ер адам 1998 жылы 44 жастағы екібастұздықты бір оқпен атып өлтіріп, қашып кеткен. Күдікті Ресей Федерациясының әр түрлі қалаларында жасырынып жүреді, соңғы рет Барнаулда тұрып жатқан жерінен ұсталған.
Қазір Екібастұз қаласында қамауда отыр, тергеу ісі жалғасуда.