АСТАНА, 12 сәуір — Sputnik. Қарағанды облысы полициясы тоғыз жыл бұрын жолаушылар автобусына шабуыл жасады деген күдікпен ер адамды ұстады деп хабарлады өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Жедел профилактикалық шараларды жүргізу барысында полиция қызметкерлері 31 жастағы Астана тұрғынын ұстаған. Ол 2008 жылы 8 қарашада Алматы-Екатеринбург жолында Осакаров ауданы Ошағанды ауылына жақын жерде Астана-Сарыағаш бағдарымен келе жатқан жолаушылар автобусына қарулы қарақшылық жасағанын мойындады. Сол жолы 5 миллион теңгеден астам соманы қамтитын мүлік тонапты.
Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.