Оқиға

Атбасардағы бөгеттің бұзылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

© Photo : КЧС МВД РКАтбасар
Атбасар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Атбасарда бұрын-соңды болмаған су тасқыны жүруде

АСТАНА, 17 сәуір — Sputnik. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Ақмола облысының Атбасар қаласында су тасқынына байланысты қиын жағдайдың қалыптасқанын мойындады. Бөгет бұзылып, 200 үйді су басты. 

"Атбасардағы жағдай қиын. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылы салынып, Атбасарды қорғап тұрған бөгет бұзылды.  Биіктігі шамамен 7 метр үйіліп, тапталған бөгет болатын", — деді Ильин бүгін брифинг барысында. 

Тасқын су - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ақмолада тасқын су балалар мінген автобусты ағызып әкетті

Оның атап өтуінше, гидротехникалық қондырғылар бұзылмаған.

Атбасар алдыңғы жылдары да су тасқынынан зардап шеккен. Вице-министрдің айтуынша, 2014 жылы бөгетке жеткен судың деңгейі 4,5 метр болған. Өткен жылы шамамен 4 метрге көтерілген. Бүгінгі таңда дамба маңындағы су деңгейі 5 метр 60 сантиметрді құрады.

"Бөгет мұндай су мөлшеріне арналмаған. Демалыс күндері бұзылып, су жайылды. 200-ден астам үй су басу аймағында тұр. Үйлерде су деңгейі 1 метрден бірнеше сантиметрге жетті. Мектептерде сабақ тоқтатылды.  Қоғамдық тәртіп күзетіліп жатыр", — деп атап өтті Ильин.

Оның сөзіне қарағанда, ҚР Ішкі істер министрі Қалмұxанбет Қасымов бөгетті салу мен пайдаланудағы деректер бойынша қылмыстық іс қозғауды тапсырған. Оның нәтижесі тергеу аяқталғаннан кейін жарияланатын болады.

© SputnikҚазақстандағы су тасқыны картасы
Қазақстандағы су тасқыны картасы - Sputnik Қазақстан
Қазақстандағы су тасқыны картасы
Жаңалықтар
0