Оқиға

Ақмолада тасқын су балалар мінген автобусты ағызып әкетті

© Photo : Комитет по ЧС МВД РКТасқын су
Тасқын су - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғаламтордағы бейнежазбада су деңгейі автобус терезесіне дейін жеткені байқалады, адамдар іштегі жолаушыларды құтқарып жатыр

АСТАНА, 17 сәуір — Sputnik. Ақмола облысында еріген қар суы оқушылар мінген автобусты ағызып әкетті деп хабарлады ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Жексенбі күні оқиғаның куәгерлері тасқын судың жолдан асып-тасып жатқаны түсірілген бейнежазбаны жариялаған болатын. Жазбада балалар мінген автобусты су ағызып, жолдан шығарып жіберген.

Кейінірек анықталғандай, оқиға 16 сәуір күні Сандықтау ауданында Атбасар-Көкшетау жолында Балкашино және Максимовка ауылдарының арасында болған.

10 бала және мұғалімдер мінген "ПАЗ" маркалы автобусы Державинск қаласынан Көкшетауға іс-шараға қатысуға кетіп бара жатады. Жолда тасқын су автобусты ағызып әкеткен, балалар зардап шеккен жоқ, оларды қауіпсіз жерге шығарып, мектепке орналастырды", — деді полицияда.

Бұл оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0