АСТАНА, 17 сәуір — Sputnik. Астанада бір топ қылмыскер коммерциялық кәсіпорындарды алдап, ірі көлемде алаяқтық жасап жүр. Тонаушылар тауарларын тасымалдаймыз деп кәсіпкерлерді алдап, кейін ұрланған затты арзан бағамен сатып жібереді деп хабарлады елорданың ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Алаяқтықтың жалпы сценарийі былай: әуелі қылммыстық топ көлігі бар жүргізушіні тауып алып, жүк тасымалдау жөнінде компаниялармен келіседі. Алайда тауарлар межелеген жерге жеткізілмейді, яғни алаяқтар жүргізушіге басқа мекенжай беріп, тоналған затты арзан бағамен сатады.
Тауардан түскен ақшаның біраз бөлігін ештеңеден бейхабар жүргізуші алады. Қалған сома Ресей аумағындағы банк шотына жіберіледі. Аса сақ алаяқтар ұялы байланыс орталығы арқылы жүргізушінің телефонына блок қойғызады екен.
Қазіргі уақытта интернет-алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.