АСТАНА, 17 сәуір — Sputnik. Павлодарда "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел профилактикалық іс-шара кезінде полицейлер терроризм мен діни экстремизмді насихаттаушыны ұстады деп хабарлады Павлодар облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Оның мәліметінше, 2017 жылы 10 сәуірде Павлодар қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бойынша басқарманың қызметкерлері арнайы қызмет сарбаздары және ҰҚК қызметкерлерінің көмегімен 1996 жылы туған Ж. есімді азаматты ұстады.
"Ұсталған азамат әлеуметтік желі және интернет-мессенджерлер арқылы терроризм мен діни экстремизм идеяларын насихаттаған және сол мазмұндағы материалдарды сақтап таратқан. ІІД тергеу бөлімі сот алды тергеу ісін бастады. Сот шешімімен ұсталған азамат қамауға алынды", — делінген хабарламада.