АСТАНА, 17 сәуір — Sputnik. Ақмола облысы Сандықтау ауылының тұрғындарын көшіріп жатқан кезде суға кеткен үйлердің бірінен 59 жастағы әйелдің мүрдесі табылды деп хабарлады ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Үй Жағалау көшесінде орналасқан. Әйелдің неден көз жұмғаны анықталып жатыр. Тергеу шаралары жүргізілуде.
Айта кетейік, Сандықтау ауылында Жабай өзенінде су деңгейі көтерілуінің салдарынан жеті үй мен ауланы су басты. 17 адам, оның ішінде 5 бала көшірілген.
Елімізде су тасқыны жүруде. Ресми мәліметтерге сәйкес, 11 елді мекенде су үйлер мен аулаларды басып жатыр. Ақтөбеде су тасқыны салдарынан жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды.