АСТАНА, 16 сәуір — Sputnik. Синоптиктердің болжамына сүйенсек, жексенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста күн күркірейді деп хабарлады "Қазгидромет".
Сонымен қатар, Қазақстанда тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.
Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің күшеюі 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с, ұйытқуы 30 м/с. Ақмола, Павлодар облыстарында тұман түседі.
Қостанай облысында түнде кей жерлерде 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, ұйытқуы 23 м/с, кей жерлерде тұман түседі.
Қарағанды облысында желдің екпіні 15-20, кей жерлерде ұйытқуы 25 м/с, жекелеген аудандарда — тұман.
Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде күн күркірейді, желдің екпіні 15-20, ұйытқуы 23 м/с. Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с, таңертең және күндіз Жамбыл облысында, түнде Қызылорда, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі.
Алматы облысында кей жерлерде желдің екпіні 18-23 м/с, шаңды дауыл соғады, күндіз күн күркірейді. Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман түседі.