Өңірлер

Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

© Photo : пресс-служба РГП "Казгидромет"Зайна Құлжабаева
Зайна Құлжабаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдағы күндері ауа райы қазақстандықтарды жайма шуақ жылуымен қуанта қоймайды: республиканың бүкіл аумағында дерлік тұман түсіп, жел соғады, кей жерлерде қарлы жаңбыр жауады

 

Погода в Казахстане ближайшие три дня

"Батыс облыстарына суық атмосфералық фронттардың соңынан іле-шала Кавказ аудандарынан антициклон келеді. Циклондардың әсерінен жауын-шашын болады, негізінен жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркіреп, оңтүстік-батыстан соққан жел 25 м/с-қа дейін ұйытқиды", — деп хабарлады "Қазгидромет" инженер-синоптигі Зайна Құлжабаева.

13 сәуір күні Астанада көшпелі бұлтты болып, оқтын-оқтын жауын жауады, түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстік-батыс және батыстан соққан желдің екпіні — 9-14 м/с, түнде температура +1+3°С, күндіз +10+12°С.

14 сәуірде — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 9-14 м/с, температура түнде +1+3°С, күндіз +12+14°С.

15 сәуірде ауа райы тағы да көшпелі бұлтты болады, кешке қарай жаңбыр жауып, түнде және таңертең тұман түседі, оңтүстіктен соққан желдің екпіні — 9-14 м/с, температура түнде +2+4°С, күндіз +15+17°С.

Жаңалықтар
0