Қазақстандық дизайнерлер Миланнан келген қонақтарға коллекцияларын таныстыруға мүмкіндік алды. Отандық кутурьелердің бірі жуырда Еуропа халқын таңдаулы образдарымен тәнті ететін шығар, кім білсін. Ал Sputnik Қазақстан еліміздің басты подиумында болып жатқан оқиғаларды жіті бақылап, өздеріңізді сән әлеміне саяхаттауға шақырады. Kazakhstan Fashion Week биылғы жылы несімен таңғалдырды — бүгінгі фоторепортажымыздан тамашалаңыздар.

1/12
© Sputnik / Болат Шайхинов
Мұндай сәнді көзілдірік, әсіресе, мерекелік кештерге қолайлы деп ойлаймыз: достарың мен таныстарыңды көргің келсе - әйнектерін көтеріп аласың, жұрттан оқшауланғың келсе, керісінше, түсіріп қоясың.

2/12
© Sputnik / Болат Шайхинов
Шарап түстес әдемі туфли кез келген жанның көңілінен шығар деп ойлаймыз.

3/12
© Sputnik / Болат Шайхинов
Астана аспаны түстес пиджакті көріп пе едіңіз? Елордамыздағы ауа райы Kazakhstan Fashion Week қонағы Федерико Полеттиді шабыттандырған секілді.

4/12
© Sputnik / Болат Шайхинов
Ирина Байжанова - Қазақстандағы сәнді трендтердің алғашқы "қарлығашы" әрі Kazakhstan Fashion Week шарасын ұйымдастырушы.

5/12
© Sputnik / Болат Шайхинов
Әдемі моншақтармен безендірілген туфли көздің жауын алады. Мұндай аяқ киіммен кез келген кештің ханшайымы боларыңыз анық.

6/12
© Sputnik / Болат Шайхинов
Қазақстандық бренд "Nailya" коллекциясын ешкім де ұмытпайтын шығар. Үстіне қысқа тон, аяғына 15 сантиметрлік біз өкше киген жігіт жиналған жұртты таңғалдырды.

7/12
© Sputnik / Болат Шайхинов
Мерекелік кеште сізді ешкім танымағанын қалайсыз ба? Олай болса, "ІӘ" брендінің сәнді баскиімдерін киіп көріңіз.

8/12
© Sputnik / Болат Шайхинов
Қазақстандық модель Қорлан Мәдидің нәзік саусақтарына сән берген тамаша сақина-жүзіктерге қарасаң көзің тоймайды.

9/12
© Sputnik / Болат Шайхинов
Мұсылман қызының осы бір бейнесінде қарапайымдылық пен сән-салтанат үйлесім тапқан сияқты.

10/12
© Sputnik / Болат Шайхинов
Бетперде, қауырсындар мен арудың иығына төгілген бұйра шаш... Бүгінгі таңда сән әлемінде ескінің қайта жаңғырып жатқанын байқаймыз.

11/12
© Sputnik / Болат Шайхинов
Осы аптада тойланған Ғарышкерлер күні де назардан тыс қалмады.

12/12
© Sputnik / Болат Шайхинов
Міне, қазіргі заманғы қалалық жігіттердің сәнді келбеті осындай!
