Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Астанадағы сән апталығында біз өкше киген жігіт жұртты таңғалдырды

Жазылу
Қазақстанда он жетінші рет өткізіліп отырған сән апталығы да өз мәресіне жетті

Қазақстандық дизайнерлер Миланнан келген қонақтарға коллекцияларын таныстыруға мүмкіндік алды. Отандық кутурьелердің бірі жуырда Еуропа халқын таңдаулы образдарымен тәнті ететін шығар, кім білсін. Ал Sputnik Қазақстан еліміздің басты подиумында болып жатқан оқиғаларды жіті бақылап, өздеріңізді сән әлеміне саяхаттауға шақырады. Kazakhstan Fashion Week биылғы жылы несімен таңғалдырды — бүгінгі фоторепортажымыздан тамашалаңыздар.

© Sputnik / Болат ШайхиновМұндай сәнді көзілдірік, әсіресе, мерекелік кештерге қолайлы деп ойлаймыз: достарың мен таныстарыңды көргің келсе - әйнектерін көтеріп аласың, жұрттан оқшауланғың келсе, керісінше, түсіріп қоясың.
Kazakhstan Fashion Week - Sputnik Қазақстан
1/12
Мұндай сәнді көзілдірік, әсіресе, мерекелік кештерге қолайлы деп ойлаймыз: достарың мен таныстарыңды көргің келсе - әйнектерін көтеріп аласың, жұрттан оқшауланғың келсе, керісінше, түсіріп қоясың.
© Sputnik / Болат ШайхиновШарап түстес әдемі туфли кез келген жанның көңілінен шығар деп ойлаймыз.
Kazakhstan Fashion Week - Sputnik Қазақстан
2/12
Шарап түстес әдемі туфли кез келген жанның көңілінен шығар деп ойлаймыз.
© Sputnik / Болат ШайхиновАстана аспаны түстес пиджакті көріп пе едіңіз? Елордамыздағы ауа райы Kazakhstan Fashion Week қонағы Федерико Полеттиді шабыттандырған секілді.
Kazakhstan Fashion Week - Sputnik Қазақстан
3/12
Астана аспаны түстес пиджакті көріп пе едіңіз? Елордамыздағы ауа райы Kazakhstan Fashion Week қонағы Федерико Полеттиді шабыттандырған секілді.
© Sputnik / Болат ШайхиновИрина Байжанова - Қазақстандағы сәнді трендтердің алғашқы "қарлығашы" әрі Kazakhstan Fashion Week шарасын ұйымдастырушы.
Ирина Байжанова - Sputnik Қазақстан
4/12
Ирина Байжанова - Қазақстандағы сәнді трендтердің алғашқы "қарлығашы" әрі Kazakhstan Fashion Week шарасын ұйымдастырушы.
© Sputnik / Болат ШайхиновӘдемі моншақтармен безендірілген туфли көздің жауын алады. Мұндай аяқ киіммен кез келген кештің ханшайымы боларыңыз анық.
Kazakhstan Fashion Week. - Sputnik Қазақстан
5/12
Әдемі моншақтармен безендірілген туфли көздің жауын алады. Мұндай аяқ киіммен кез келген кештің ханшайымы боларыңыз анық.
© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстандық бренд "Nailya" коллекциясын ешкім де ұмытпайтын шығар. Үстіне қысқа тон, аяғына 15 сантиметрлік біз өкше киген жігіт жиналған жұртты таңғалдырды.
Kazakhstan Fashion Week - Sputnik Қазақстан
6/12
Қазақстандық бренд "Nailya" коллекциясын ешкім де ұмытпайтын шығар. Үстіне қысқа тон, аяғына 15 сантиметрлік біз өкше киген жігіт жиналған жұртты таңғалдырды.
© Sputnik / Болат ШайхиновМерекелік кеште сізді ешкім танымағанын қалайсыз ба? Олай болса, "ІӘ" брендінің сәнді баскиімдерін киіп көріңіз.
Kazakhstan Fashion Week - Sputnik Қазақстан
7/12
Мерекелік кеште сізді ешкім танымағанын қалайсыз ба? Олай болса, "ІӘ" брендінің сәнді баскиімдерін киіп көріңіз.
© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстандық модель Қорлан Мәдидің нәзік саусақтарына сән берген тамаша сақина-жүзіктерге қарасаң көзің тоймайды.
Kazakhstan Fashion Week - Sputnik Қазақстан
8/12
Қазақстандық модель Қорлан Мәдидің нәзік саусақтарына сән берген тамаша сақина-жүзіктерге қарасаң көзің тоймайды.
© Sputnik / Болат ШайхиновМұсылман қызының осы бір бейнесінде қарапайымдылық пен сән-салтанат үйлесім тапқан сияқты.
Kazakhstan Fashion Week - Sputnik Қазақстан
9/12
Мұсылман қызының осы бір бейнесінде қарапайымдылық пен сән-салтанат үйлесім тапқан сияқты.
© Sputnik / Болат ШайхиновБетперде, қауырсындар мен арудың иығына төгілген бұйра шаш... Бүгінгі таңда сән әлемінде ескінің қайта жаңғырып жатқанын байқаймыз.
Kazakhstan Fashion Week - Sputnik Қазақстан
10/12
Бетперде, қауырсындар мен арудың иығына төгілген бұйра шаш... Бүгінгі таңда сән әлемінде ескінің қайта жаңғырып жатқанын байқаймыз.
© Sputnik / Болат ШайхиновОсы аптада тойланған Ғарышкерлер күні де назардан тыс қалмады.
Kazakhstan Fashion Week - Sputnik Қазақстан
11/12
Осы аптада тойланған Ғарышкерлер күні де назардан тыс қалмады.
© Sputnik / Болат ШайхиновМіне, қазіргі заманғы қалалық жігіттердің сәнді келбеті осындай!
Kazakhstan Fashion Week - Sputnik Қазақстан
12/12
Міне, қазіргі заманғы қалалық жігіттердің сәнді келбеті осындай!
Жаңалықтар
0