АСТАНА, 14 сәуір — Sputnik. Сот қызғаныштан әйелін атып өлтірмек болған Қостанай облысы тұрғынын бас бостандығынан айырды деп хабарлады облыстық сот баспасөз қызметі.
Былтыр қараша айында Жітіқара тұрғыны түн ортасында қала кафелерінің біріне келеді. Қолында 16 колибрлі шолақ мылтық пен 12 оқ болған. Қызғаныштан ашуға булыққан ер адам шолақ мылтықты оқтайды да, әйелінің кеудесіне кезейді.
Бірнеше рет шүріппені басқанымен, еш нәтиже шықпайды. Сол кезде жәбірленуші оқиға орнынан қашып кетуге талпынады, бірақ күйеуі оны ұстап алып, тағы да шүріппені басады. Бұл жолы да оқ атылмай қойып, әйел адам қашып кетеді.
Сот ер адамды сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.