Қоғам

Астанада халық емшілерінен ем алған жас сәби шетінеп кетті

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуСәби
Сәби - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баласының дертіне дауа іздеген ата-ана халық емшілерінің көмегіне жүгінген

АСТАНА, 13 сәуір — Sputnik. Астанада шетінеп кеткен жас сәби ем алған жекеменшік емхана әкімшілік айыппұл төлейтін болды деп хабарлады Астана прокуратурасының баспасөз қызметі.

ота жасау - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада жаңа босанған әйелдің өлімі үшін дәрігерлер істі болып жатыр

"Есіл" ауданы ішкі істер басқармасына Астана әкімшілігінің балалар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында 2016 жылы туған сәбидің "Бауыр циррозы" диагнозымен шетінеп кеткендігі туралы хабар келіп түскен. Ол қытай медицинасын насихаттайтын "Б" атты жекеменшік емханада емделген екен.

Кейінірек анықталғандай, бала ағзасындағы лейкоциттерді азайту үшін ата-анасы "Б" атты жекеменшік емханада қытай медицинасын насихаттайтын халық емшілерінің көмегіне жүгінген. Ол жерде бес күн бойы баланың көктамырына инфузия құйып, үйде Қытайда шығарылған билогиялық белсенді қоспаны күніне екі таблеткадан ішкізген.

Аудан прокуратурасы Астананың медициналық және фармацевтикалық қызметін бақылау жөніндегі департаментпен бірлесе отырып, тексеру жүргізді, соның нәтижесінде жекеменшік емхананны медициналық қызмет көрсету құқығынан айыру мәселесі көтерілді. Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жекеменшік емхананы лицензиясынан айыру туралы әкімшілік іс жіберілген.

Сот қаулысы бойнша, заңды тұлға ҚР ӘҚБК 426-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 294 мың 970 теңге айыппұл салынды, 463-бап 1-бөлік бойынша да 56 мың 725 теңге айыппұл салынады.

Жаңалықтар
0