Оқиға

Астанада жаңа босанған әйелдің өлімі үшін дәрігерлер істі болып жатыр

© Sputnik / Кирилл Брага / Медиабанкке өтуота жасау
ота жасау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот 37 жастағы жаңа босанған әйелдің өліміне қатысты істі қарап жатыр

АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Сотталушылар қатарында Ана мен бала орталығының акушер-гинекологы және орталықтың ақылы гинекология бөлімінің бұрынғы меңгерушісі бар, ол қазір зейнетте. Дәрігерлерге абайсызда науқастың өліміне әкеліп соқтырған кәсіби міндеттерін лайықты атқармады деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

аурухана - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Дәрігерлер ісі: құпия деректер жария болды

Бұл соңғы жылдағы босанған әйелдің өліміне дәрігерлерді айыптаудың екінші жағдайы. Өткен жылы Астанада осындай айып бойынша елорданың үздік акушер-гинекологтарының бірі Владимир Калашников пен анестезиолог-реаниматолог Григорий Азаровты соттаған. 

Әдетте, науқастың өлімінде дәрігерлердің кінәсін дәлелдеу өте қиын. Көбіне мұндай даулар татуласумен аяқталады. Алайда босанғаннан кейін көз жұмған әйелдің туыстары дәрігерлердің кінәсін дәлелдеуді көздеп.

Қылмыстық істің материалдарына сәйкес, 37 жастағы әйел 2015 жылғы қаңтарда республикалық диагностикалық орталыққа жүктілік бойынша есепке тұрған. Екі айдан кейін ол Ана мен сәби орталығының жанындағы ақылы гинекология бөліміне ауысқан. Ол кезде сотталушылардың бірі сол бөлімнің меңгерушісі болады. Оның қалған жүктілік мерзімін сол дәрігер жүргізген болатын.

Екінші сотталушы 25 жылдық еңбек өтілі бар акушер-гинеколог босандыру кезінде іштен жарып баланы алған. 

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Дәрігерлер Көкшетауда асылып қалған баланың өліміне не себеп болғанын мәлімдеді

Бірнеше күннен кейін жаңа босанған әйел көз жұмды. Дәрігерлердің болжамы бойынша, ол қағанақ суының эмболиясынан көз жұмған. Туыстары әйелдің өліміне көндіге алмай дәрігерлерді сотқа берді.

Қайтыс болған әйелдің туыстары жатыры жарылып, қан кеткеннен көз жұмды деген пікірде. Сотталушылар кінәсін мойындап отырған жоқ және өздеріне тағылған айыппен келіспейді. 


Жаңалықтар
0